Өңірлер

Павлодарда баланың тентектігінен пәтер отқа оранды

© Photo : pixabay.comГорящий огонь спички. Иллюстративное фото
Горящий огонь спички. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін үйден 32 адам, оның ішінде 7 бала өз бетінше эвакуацияланған

АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Павлодарда сегіз жасар бала шкафтағы заттарды өртеп жіберген. Артынша өрт 4 шаршы метрге жерге жайылған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратына сәйкес, 7 қараша сағат 17:44-те тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы хабар түскен. Үш бөлмелі пәтерде сегіз жасар бала заттар салынған шкафты өртеп жіберген. Сол уақытта үйде оның 18 жастағы әпкесі де болған.

Өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін үйден 32 адам, оның ішінде 7 бала өз бетінше эвакуацияланған.

"Құтқарушылар альпинистік құралдарды қолданып, жетінші қабаттан төртінші қабатқа түсіп, пәтерге кірді. Үйде ешкім болмады. Өрт 18:41-де сөндірілді. Өрт шығу себебі – баланың тентектігі. Зардап шеккендер жоқ. Шығын анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетері, өрт туралы хабар түскен соң оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің жеке құрамынан 29 адам және 8 бірлік техника, медицина қызметкерлері барды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0