НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қазгидромет Түркістан облысы мен Шымкент қаласында желмен көтерілген шаң не себепті басылмай тұрғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидрометтің баспасөз хатшысы Алина Исмағұлованың айтуынша, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында қатты желдің әсерінен атмосфера қабатына шаң көтерілген.
"Жел екпіні бәсеңдеп, аймаққа оңтүстіктен жылы ағым жылжуы әсерінен таңертең Қазығұрт ауданы мен Шымкент қаласына тұман түсті. Ол атмосфераға көтерілген шаңды өзіне жинайды. Артынан жер бетіне түседі. Тұман сейілгеннен кейін шаң тез тарай қоймайды. Өйткені күн сәулесі әсерінен ауада қалқып тұрады", - Исмағұлова.
Қазгидромет мамандары қазіргі жағдайды спутниктік бақылау құралдары арқылы бақылап отыр.
"Шымкент қаласында, Түркістан облысының Қазығұрт ауданы мен Өзбекстанның Ташкент қаласы арасында атмосферада шаң сақталуда. Бүгін біз таңертең тұманға байланысты екі күнге дабылды ескерту жасадық. Тұманның оңтүстік және таулы аудандарда сақталуына байланысты шаң әлі де кетпейді", - дейді Қазгидромет өкілі.
Айта кетері, бұған дейін Sputnik Қазақстан тілшісі Шымкентте тұманға ұқсас табиғи құбылысты видеоға түсірген. Бірақ көліктерге түскен шаңға қарағанда ауада ұсақ бөлшектер қалқып жүр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін қалада қатты жел болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал көрші Өзбекстанда денсаулық сақтау министрлігі аллергиясы немесе демікпесі бар адамдарға далаға шықпауға кеңес берді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.
Бір күн бұрын елдің бірнеше аймағында шаңды дауыл көтерілді. Синоптиктердің болжамы бойынша Ташкентте бүгін де шаң басылмайды.
Министрлік өкілдері ондай ауаның құрамында өсімдіктер тозаңы мен зең споралары болатынын ескертті. Сондықтан далаға шыққан адамдар медициналық бетперде киіп, әрбір екі сағат сайын ауыстырып тұруға тиіс.