Өңірлер

Шымкент шаңның астында қалды – видео

CC0 / pixabay.com / Пыльная буря, иллюстративное фото
Пыльная буря, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Шымкент денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, медициналық көмекке жүгінген адамдар жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Өзбекстанда көтерілген шаңды дауыл Шымкентке дейін жетті. Sputnik Қазақстан тілшісі қаладағы жағдайды видеоға түсіріп алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Қаланы қалың шаң басқаны анық көрініп тұр. Шымкент денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, медициналық көмекке жүгінген адамдар жоқ.

"Екі күн бойы қатты жел тұрды. Артынан шаң көтерілді. Далаға шықсам, әлі басылмапты. Таңертең жұмысқа келіп, көлікті сыртта қалдырғанбыз. Түсте шықсақ, үсті шаң", - дейді қала тұрғындары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкент Онлайн (@shymkent.online)

Ал көрші Өзбекстанда денсаулық сақтау министрлігі аллергиясы немесе демікпесі бар адамдарға далаға шықпауға кеңес берді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

Бір күн бұрын елдің бірнеше аймағында шаңды дауыл көтерілді. Синоптиктердің болжамы бойынша жұма күні де Ташкентте шаң басылмайды.

Оқи отырыңыз: Сабақ онлайнға ауысты: Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды – видео

Министрлік өкілдері ондай ауаның құрамында өсімдіктер тозаңы мен зең спораларының болатынын ескертті. Сондықтан далаға шыққан адамдар медициналық бетперде киіп, оны әрбір екі сағат сайын ауыстырып тұруға тиіс.

Жаңалықтар
0