Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда үйде өрт шығып, екі газ баллоны жарылды – видео

© Sputnik / СтрингерПожар произошел на площади 280 квадратных метров
Пожар произошел на площади 280 квадратных метров - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Өрт сөндірушілер келгенше үйдің жанындағы нысан, гараж бен монша өртеніп үлгерді. Уақытша тұрғызылған нысан ішіндегі екі газ баллоны жарылды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында үйдің жанындағы шаруашылық нысан өртеніп, екі газ баллоны жарылды. 

Оқиға Бескөл ауылында болған. Өрттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Петропавловск Казахстан СКО (@sko_kz)

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт бүгін таңертең болған.

Сағат 9.26-да Бескөл ауылындағы Лесная-Луговая көшесіндегі үйде өрт шыққандығы туралы хабар келді. Өртті сөндіруге  №12 өрт сөндіру бөлімшесінің екі техникасы жіберілді.

Өрт сөндірушілер келгенше үйдің жанындағы нысан, гараж бен монша өртеніп үлгерді. Уақытша тұрғызылған нысан ішіндегі екі газ баллоны жарылды. Үй шаруашылық нысандарының барлығы бір шатырдың астында болғандықтан, өрттің жалпы аумағы  240 шаршы метрді құраған.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Министр газ баллондары неге жарылатынын түсіндірді

Петропавлда дәмхана жарылған сәт камераға түсіп қалды

Жаңалықтар
0