Қоғам

Министр газ баллондары неге жарылатынын түсіндірді

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям Казахстана Органам гражданской защиты Казахстана исполнилось 25 лет
Органам гражданской защиты Казахстана исполнилось 25 лет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта тұрмыстық газ баллондарын пайдалануға тиімді бақылау жасау мәселесі заңнамалық жағынан реттеліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин тұрмыстық газ баллондарының жарылу себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің мәліметінше, жыл басынан бері тұрмыстық газ тұтынушылар нысанында 51 оқиға тіркелді, салдарынан 88 адам жарақат алып, он алтысы көз жұмды.

Оның айтуынша, тұрмыстық газ баллондарын пайдалануға тиімді бақылау жасау мәселесі заңнамалық жағынан реттеліп жатыр. Бұл ретте Ильин газ баллондары неге жарылатынын айтты.

"Ескі және мерзімі өткен баллондарды пайдаланатын адамдардың қауіпсіздік талабын бұзып, баллонды жақын маңдағы автогаз құю станциясында толтыратыны жағдайды қиындатып отыр", - деді ол үкімет отырысында.

Ильин "Азаматтық қорғау" заңына газ-техникалық инспекциялардың қызметіне қатысты түзетулер енгізілгенін мәлімдеді. Соған сәйкес, газ-техникалық инспекция қызметкерлері газ тұтыну жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдарды бақылау құзыретіне ие болды.

Сондай-ақ, министр қазіргі таңда қалалар мен аудандарда тұрғын үй испекцияларын құру жұмысы аяқталғанын айтты. Бірақ, оның сөзінше, бірқатар әкімдікте қызметкерлер саны жетіспейді және инспекторлардың арнайы білімі жоқ.

Бұл проблеманы шешу үшін төтенше жағдайлар министрлігі Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының базасында алғаш рет әкімдіктің газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау жүргізетін 200-ден аса маманын онлайн курстан өткізді.

Жаңалықтар
0