Өңірлер

Ақтөбеде жасөспірім 20-қабаттан секіріп, көз жұмды

Жазылу
Оқиға болған жерге келген полиция подъездің алдында жатқан 2008 жылғы қыздың мәйітін тапты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Ақтөбеде 13 жастағы қыз жиырмасыншы қабаттан секіріп кетті.

17 қазанда 18.45-те полицияға 11 шағын аудандағы №112 үйдің балконынан жасөспірімнің құлағаны туралы хабарлама келді.

"Оқиға болған жерге келген полиция подъездің алдында жатқан 2008 жылғы қыздың мәйітін тапты. Ол 25 қабатты үйдің 20-қабатындағы подъездің балконынан секірді, - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қыз алған жарақаттан жедел жәрдем келгенше көз жұмды. 

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлімі "Өз-өзіне қол салуға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0