Өңірлер

Тараз тұрғыны кішкентай қызды құтқару үшін төртінші қабатқа өрмелеп шықты - видео

CC0 / rabota01 / Балкон
Балкон  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Жазылу
Полицияда азаматты марапаттау мәселесі қарастырылып жатыр 

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Әлеуметтік желіде ер адамның балконға шығып, сол жерде қалып қойған кішкентай қызды құтқару сәті түсірілген видео пайда болды.

Видео Тараз қаласында түсірілген. Көшеде өтіп бара жатқан қала тұрғыны қызды құтқару үшін төртінші қабатқа өрмелеп шықты.

Полиция мәліметінше, оқиға 15 қазанда болды. Алты жасар қыз балконға шыққанда, пәтердің есігі жабылып, сол жерде қалып қойды.

Өтіп бара жатқан тұрғын қыздың жылап отырғанын ести сала оны құтқаруға кіріседі. 

"Азамат төртінші қабатқа еш сақтандырусыз өрмелеп шығып, қызды құтқарады. Үйдің есігін ашып, анасы келгенше жанында болған", - дейді Жамбыл облысы полиция департаментіндегілер. 

Жергілікті учаскелік инспектор қыздың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Қазіргі күні полицияда азаматты марапаттау мәселесі қарастырылып жатыр. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0