Оқиға

Өскеменде балконда асылып тұрған әйел құтқарылды – видео

CC0 / rabota01 / Иллюстративті фото
Иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Құтқарушылардың бір тобы төменде арнайы матаны керіп, енді бірі троспен төбеден төмен түсіп, әйелді ұстап қалды

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Өскемен қаласының құтқарушылары үшінші қабаттың балконында асылып тұрған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы уақытта Өскемен қаласының 101 қызметіне үшінші қабаттың терезесінде әйелдің құлағалы тұрғаны туралы хабар түсті. Құтқарушылар келгенде ол кісі балконда асылып тұрған. Күші сарқылуға жақын қалған. 

Құтқарушылардың бір тобы төменде арнайы матаны керіп қойды. Ал департаменттің тағы бір қызметкері Шыңғыс Смағұлов төртінші қабаттан троспен төмен қарай түсіп, әйелді ұстап қалды.

Оқи отырыңыз: Алматыда тауға шыққан ер адам күтпеген жағдайға тап болды: оқиғаның мән-жайы

40 жастағы әйелді бірден жедел жәрдемге тапсырды. Оның бұл әрекетке неге барғаны белгісіз.

Жаңалықтар
0