Өңірлер

Адам өлтірген ресейлік 30 жыл бойы Қазақстанда жасырынған

© Photo : StockSnap/pixabayжүзін жасырған адам
жүзін жасырған адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Күдікті 1992 жылдың ақпан айынан бері аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 30 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қылмыскер Семей қаласынан табылды. Ол "Іздеу" жедел алдын алу шарасы кезінде ұсталды. 

"Күдікті 1992 жылдың ақпан айынан бері аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған. Оның адамды ұрып-соққаны, зардап шеккен азаматтың соққыдан көз жұмғаны анықталды", - дейді департаменттегілер. 

Осы күнге дейін күдікті азаматтық некеде тұрған әйелмен өмір сүрген. Одан бар шындықты жасырып келген.

Жуықта Павлодар облысында кісі өлтіргені үшін 20 жыл бойы жасырынып жүрген ресейлік қылмыскер ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. 

Ол 2001 жылы қыз өлтіріп, қылмыс жасағаннан кейін Павлодар қаласына келген. Осы күнге дейін қылмыскер фамилиясындағы бір әріпті өзгертіп, тыныш өмір сүріп келген. 

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0