АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Шымкент тұрғындары есірткі тасымалдаушысына айналудың қаншалықты оңай екеніне таңғалып отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Қоғамдық орындарға жылдам табыс тапқысы келетіндерге арнап жарнамалар ілінген. Оларды ілгендер тіпті бейнебақылау камераларынан қорықпаған.
"Қызық үшін қандай жұмыс екенін сұрадық. Содан есірткіні тарату, дозаға бөлу және қажет жерге жеткізу керек деп ашық жауап берді. Мұның бәрі ашық жасалып отыр, бұл қорқынышты", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Евгений Яворский.
Есірткі тасымалдаушыларына жалақыны рубльмен төлеуге уәде берген. Байланыс телефоны ретінде де ресейлік нөмір көрсетілген.
Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және іске қатысы барлар іздестіріліп жатқанын айтты.
Оқи отырыңыз:
- "Құрбанның рөлін ойнайды" Нарколог жастардың неге есірткіге салынатынын айтты
- Президент есірткіні өз қолымен жағып жіберді – видео
- Жамбыл облысында есірткіге лық толы көлік өртеніп кетті