Өңірлер

"Бәрі ашық жасалып отыр": Шымкентте есірткі тасымалдаушыларға жалақы ұсынған

CC0 / Wokandapix / Подросток за забором, архивное фото
Подросток за забором, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2021
Жазылу
Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және іске қатысы барлар іздестіріліп жатқанын айтты

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Шымкент тұрғындары есірткі тасымалдаушысына айналудың қаншалықты оңай екеніне таңғалып отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қоғамдық орындарға жылдам табыс тапқысы келетіндерге арнап жарнамалар ілінген. Оларды ілгендер тіпті бейнебақылау камераларынан қорықпаған.

"Қызық үшін қандай жұмыс екенін сұрадық. Содан есірткіні тарату, дозаға бөлу және қажет жерге жеткізу керек деп ашық жауап берді. Мұның бәрі ашық жасалып отыр, бұл қорқынышты", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Евгений Яворский.

Есірткі тасымалдаушыларына жалақыны рубльмен төлеуге уәде берген. Байланыс телефоны ретінде де ресейлік нөмір көрсетілген.

Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және іске қатысы барлар іздестіріліп жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0