Өңірлер

Түркістан облысында ауыл тұрғындары әкімге арықтың суын ішкізді

© Photo : pixabay/MandrillArtЛошади на водопое
Лошади на водопое - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Адамдар қоқыс пен жануарлардың өлексесі қалқып жүретін арықтың суынан ауырып қаламыз ба деп қорқады, алайда одан басқа су жоқ

НҰР -СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысындағы Алпамыс батыр ауылының тұрғындары ауыз суды күтуден шаршап, әкімге арықтың суын ішкізді, деп хабарлады КТК.

Арық – аймақтағы жалғыз су көзі, су Өзбекстаннан ағып келеді. Адамдар арықтың суынан ауырып қаламыз ба деп қорқады, алайда одан басқа жерде су жоқ. Сырттан әкелінетін суды сатып алуға барлық тұрғынның бірдей қалтасы көтере бермейді.

"Бұл арықта малдың да, иттің де, құстың да өлексесі жатады. Қоқысқа толып қалған! Қаншама микроб бар екенін елестетіп көріңізші. Біз оны ішуге мәжбүрміз. Салдарынан, мысалы, барлық балада ішек паразиттері бар!", - деді Мөлдір Сатыбай.

Тұрғындар күнделікті не ішіп жүргенін нақты көрсету үшін жергілікті әкімге бір шелек су алып барды. Ауылда тұратын шенеунік суды ішіп, өзі де осы арықтан күн сайын су ішуге мәжбүр екенін айтты. Бірақ ол ауыл тұрғындарына бұл мәселе жақын арада шешілетінін хабарлады.

Қазір жаңа ұңғыманы бұрғылау жұмыстар жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін, биліктің айтуынша, үйлерге таза су жеткізіледі. Алайда адамдар бұған сенбейді. Олардың айтуынша, бұған дейін шенеуніктердің өздері жаңа ұңғымаға үміт артудың қажеті жоқ, ол жерде су жоқ деп айтқан.

"Олар су шықпайтынын біле тұра, қазуды жалғастырып жатыр! Біз: "Онда неге қазып жатырсыздар?" - деп сұрап едік, "Бөлінген қаржыны игеруіміз керек", - деп жауап берді. Иә, солай деді! Бұл ақшаны желге шашу ғой! Олар ашық айтып отыр!", - деді Гауһар Жораева.  

Ауыз су мәселесін шешуге 893 миллион теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр. Бұл ақшаға олар ұңғыманы бұрғылап, 25 шақырым құбыр салады.

"Қазір ұңғыма шамамен 55-70 метр тереңдікте қазылды, әрі қарай тереңдетіледі. Су міндетті түрде болады! Ұңғыманы су шыққанша кез келген тереңдікке бұрғылай береді", - деді ауылдық округ әкімі Ерлан Әділханов.

Осыдан 11 жыл бұрын билік бұл жерден су таба алмапты. Ол кезде, жергілікті тұрғындардың айтуынша, 100 миллион теңге жұмсалған, бірақ адамдарға су берілмеген.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0