Өңірлер

Алматыда мектептен келе жатқан қыз жоғалып кетті

© Photo : pixabay / Foundry CoНаушники
Наушники - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Ата-анасының айтуынша, қыз кеше мектептен кешкі сағат алты шамасында шығып, үйге келмеген

АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматыда 14 жастағы жасөспірім жоғалып кетті.

Ата-анасының айтуынша, қыз 16 қыркүйекте №91 мектептен кешкі сағат алты шамасында шығып, үйге келмеген. Қазіргі уақытта оқушының телефоны сөндірулі тұр, деп жазды алматылық еріктілердің Instagram аккаунты.

"Ол қара футболка мен қара джинсы киген, көзі көк, шашы жирен, дене бітімі орташа, сырт келбеті еуропалық, бойы 160-165 см", - делінген хабарламада.

Баланың қайда екенін білетіндер мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: 87475111552, 87476442757 және 87775111552.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0