14:32 28 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.95
  • EUR495.81
  • RUB5.84
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
103 0 0

Әдеп кеңесі басы дауға қалған ұстаз педагог этикасын тағы бір рет бұзса, жұмыстан қуылатынын ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Шахтинск қаласында оқушыларды "топас маймылға" теңеген ұстазға қатаң сөгіс жарияланды.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әрі оқу-тәрбие ісінің меңгерушісін мектеп директоры қызғыштай қорғаштап отыр. Келеңсіздік ұстаз бен 8- сынып оқушылары арасында болған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.  

"Мектеп директорының орынбасары оқушыларды карантин ережесін бұзғаны үшін балағаттаған. Ол өз кінәсін мойындап, балалар мен ата-аналардан кешірім сұрайтын болды. Осыны ескеріп, әдеп жөніндегі кеңес педагогқа қатаң сөгіс жариялады", - деді Қарағанды қалалық білім бөлімінің басшысы Николай Онсович.

Әдеп кеңесі басы дауға қалған ұстаз педагог этикасын тағы бір рет бұзса, жұмыстан қуылатынын ескерткен. Нөмірі 6-ыншы мектептің директоры болса, орынбасарын ақтап әлек.

"Қыркүйектің алтысы күні ата-аналардың бірі жанына антиваксерлерді ертіп алып баласын қашықтан оқытуды талап етті. Бетперде киюге қарсы шығып, мектеп әкімшілігіне келіп шу шығарып кетті. Үлкендердің осы үгіттеуі салдарынан балалардың кейбірі бетперде тақпай жүр. Менің орынбасарым оларды карантин ережесін сақтауға шақырып, бірнеше ескерту жасаған. Ақыры өзін ұстай алмай қалды. Әрине, педагог этикасын бұзғаны дұрыс емес. Алайда кикілжіңге осы жағдай түрткі болды", - дейді мектеп директоры Любовь Величкина.

Құқықтық еңбек инспекторлары мұғалімдердің психикасын жоғары оқу орнында оқып жүрген кезінде тексеруге кеңес береді. Өйткені мектептегі тәрбие жүйкесі жұқаларға лайық жұмыс емес дейді.

Тағы оқыңыз: "Топас маймылсыңдар!": эмоцияға ерік берген мұғалім аудиожазбасы тарап кетті

"Құқық қорғау органдарында қызметкерлерді психолог, психиатрлардың медициналық тексеруінен өткізеді. Сол сияқты педагогтарды да оқу орнына түсерде, оқып жүргенде тексеру қажет. Оқушы не істесе де оны қорлауға болмайды. Тіпті сотталғандарды да балағаттауға тыйым салынған", - дейді білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымының Ақтөбе облысы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиев.

Телеарна ақпаратынша, мектеп ұжымы оқушылар мен ата-аналардың басын қоспақшы. Ол жиынға сөгіс алған мектеп директорының орынбасарын шақыруды жоспарлап отыр. 

Еске салсақ, Шахтинск қаласында мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі оқушыларға ұрсып, дәлізде бетпердесіз жүргені үшін топас маймылсыңдар деп атады. Аудиожазба ата-аналар чаттарында кеңінен тарап кеткен. Осыдан кейін олар Шахтинск қалалық білім беру басқармасына шағым түсірді. Ал әлеуметтік желіде педагогты қолдаған адамдар табылды.

Кілт сөздер:
мұғалім, маймыл
Загрузка...

Басты тақырып