Polisia.kz порталының хабарлауынша, Қандыағаш қаласының екі тұрғыны Volkswagen Passat автокөлігінде келе жатқан. Бір кезде көлік жардан Елек өзеніне құлап кеткен.
Оқыс оқиға салдарынан 59 жастағы жүргізуші суға батып кетті, ал өз бетінше судан шыққан 45 жастағы жолаушының қабырғасы сынған, ол орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
Полицейлер ауыр техниканың көмегімен көлікті өзеннен шығарды. Сараптама тағайындалды.