Оқиға

Грузияда микроавтобус жардан құлап кетіп, 17 адам көз жұмды

Жазылу
Грузия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, микроавтобус жардан шамамен 80 метр биіктіктен құлаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Шатили (Мцхета-Мтианети өңірі) жолында жол апатынан 17 адам көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Грузия.

ІІМ "112" жедел жәрдемді шұғыл басқару орталығының мәліметінше, 23 тамыз күні кешке автокөлік апаты туралы қоңырау түскен. Микроавтобус таудағы жардан шамамен 80 метр биіктіктен құлап кеткен.   

Оқиға орнында патрульдік және криминальдық полиция қызметкерлері, өрт сөндіру және құтқару топтары, жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Қытайда 21 көлік жер астына түсіп кетті – видео

Қалған жолаушыларды іздеу тоқтаған жоқ. Құтқару жұмыстары күрделі жер бедері мен метеорологиялық жағдайға қарамастан, барлық қауіпсіздік нормалары сақтала отырып үздіксіз режимде жүргізілуде.

Елдің ішкі істер министрлігі Грузия Қылмыстық кодексінің "Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеуді бастады.

Жаңалықтар
0