Өңірлер

Алматылықтарға 5 миллион теңге ұтып алу мүмкіндігі берілді

© Sputnik / Тимур БатыршинТерренкур, Алматы
Терренкур, Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2021
Жазылу
Қала күні қарсаңында аула аумағын үздік көгалдандыру байқауы басталды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Бұл туралы Алматы әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында айтты.

"Қала күні қарсаңында аула аумағын үздік көгалдандыру байқауының басталғаны туралы хабарланды. Тұрғын үй иелері бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары ecovid.kz сайтында өтінім бере алады. Жеңімпаз 5 миллион теңге алады", - деп жазды әкім.

Өтініштер 3-15 қыркүйек аралығында қабылданады. 

Бағалау кезінде абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының мәдени-эстетикалық және іс жүзіндегі пайдасы, жаңашылдығы мен әдісі ескеріледі.

  • Гран-при – бес миллион теңгенің сертификаты аула территорясын көғалдандыру мен қажетті құралдарға беріледі. 
  • 8 аудан бойынша бірінші орын алғандарға – бір миллион теңгеден беріледі;
  • 8 аудан бойынша екінші орын алғандарға – 500 мың теңге сыйақы қарастырылған;
  • 8 аудан бойынша үшінші орын алғандарға – бау-бақша құралдары табысталады.

Байқаудың толық шартымен мына жерде таныса аласыз. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қала күні қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Биыл ол дата 19 қыркүйекке түсіп тұр. 

Оқи отырыңыз: "Қынжылтатын жағдай": Алматы әкімі ағаштардың кесілуіне қатысты пікір білдірді

 

Жаңалықтар
0