НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Бұл туралы Алматы әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында айтты.
"Қала күні қарсаңында аула аумағын үздік көгалдандыру байқауының басталғаны туралы хабарланды. Тұрғын үй иелері бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары ecovid.kz сайтында өтінім бере алады. Жеңімпаз 5 миллион теңге алады", - деп жазды әкім.
Өтініштер 3-15 қыркүйек аралығында қабылданады.
Бағалау кезінде абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының мәдени-эстетикалық және іс жүзіндегі пайдасы, жаңашылдығы мен әдісі ескеріледі.
- Гран-при – бес миллион теңгенің сертификаты аула территорясын көғалдандыру мен қажетті құралдарға беріледі.
- 8 аудан бойынша бірінші орын алғандарға – бір миллион теңгеден беріледі;
- 8 аудан бойынша екінші орын алғандарға – 500 мың теңге сыйақы қарастырылған;
- 8 аудан бойынша үшінші орын алғандарға – бау-бақша құралдары табысталады.
Байқаудың толық шартымен мына жерде таныса аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қала күні қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Биыл ол дата 19 қыркүйекке түсіп тұр.
Оқи отырыңыз: "Қынжылтатын жағдай": Алматы әкімі ағаштардың кесілуіне қатысты пікір білдірді