Өңірлер

Ештен кеш жақсы: Павлодар облысында 240 сотталған мектеп партасына отырды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтутүрме
түрме - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2021
Жазылу
Оқу бағдарламасы облыстық білім басқармасымен бекітілген және қарапайым мектептерде оқытылатыннан бағдарламадан айырмашылығы жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында 240 сотталған мектеп партасына отырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Міндетті орта білім туралы заңға сәйкес, әр түрлі себептермен мектепті бостандықта бітіре алмағандар колонияда мұндай мүмкіндікке ие. АП-162/3 қауіпсіздігі орташа  мекемесінде және АП-162/4 мекемесінде 240 жазасын өтеуші үшін Білім күні сынып сағаты ұйымдастырылды. Олар – 10, 11 сынып оқушылары.

"Жазасын өтеушілер оқуды бастады, кесте құрылды, оқуға барлық материалдар дайындалды. Оқу бағдарламасы облыстық білім басқармасымен бекітілген және қарапайым мектептерде оқытылатын бағдарламадан айырмашылығы жоқ", – дейді №43 мектеп директоры Мейрам Маликов.

Сонымен қатар кітапханаларда толыққанды оқуға арналған әдебиеттер жеткілікті. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты сыныптағы орындықтарға бір-бірлеп отырғызылатын болады, сыныптарға антисептиктер орнатылады, маскалар таратылады

"Мен мектепті тастап кеттім, бірақ анам менен аттестат алуды талап ететін. Колонияға түскен соң мен мектепті осы жерде бітіруге шешім қабылдадым, былайша айтқанда, мен уақытымды пайдалы өткізбекпін. Егер уақытым болса, мектептен кейін колледжге барамын. Бүгін мен анама қоңырау шалып, қазір оқушы екенімді айттым. Анам өте қуанышты, мен ризамын", – дейді сотталған Максим.

Мектеп бітірісімен оқушылар орта білім туралы аттестат алады, қаласа болашақта колледжде оқып, орта арнаулы білім туралы диплом алуға мүмкіндіктері бар.

Оқи отырыңыз: Қызылордада сотталғандар наразылық ретінде өзін жарақаттады

 

Жаңалықтар
0