НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған үш азамат камераны тексеруге қарсылық ретінде өзін жарақаттады. Оқиға 10 тамызда Қызылорда облысындағы 3К-169/5 аралас қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде болған.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы, қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері мен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы келді. Сотталушылар комиссияға өздері тұратын камерада тінту жүргізуге, тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тәртіптік жазаға тартуға қарсы екенін түсіндірген, деп жазды Polisia.kz сайты.
Сотталушылар жасаған тәртіптік құқық бұзушылық видеотіркеу камераларына түскен және ол тәртіптік жаза тағайындау туралы материалдарға қоса тіркеледі.
"Медициналық көмек көрсету үшін сотталушыр облыстық медицина орталығына жеткізілді. Медицина мамандарының қорытындысы бойынша олардың қазіргі жағдайы ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", - деді қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
Осы факті ақпарат есебі кітабына енгізіліп, қызметтік тексеру тағайындалды. Барлық тексеру қорытындысы бойынша заң аясында сәйкес шаралар қабылданады.