Өңірлер

Арыс қаласындағы төтенше жағдай: "Қазгидромет" ауаны тексерді

© Photo : ДЧС Туркестанской областиВагоны с желтым фосфором горят в Арыси
Вагоны с желтым фосфором горят в Арыси - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2021
Жазылу
Апат жойылғаннан кейін мамандар ауаның фосформен ластану деңгейін және радиацияның бар-жоғын тексерді

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. "Қазгидрометтің" қызметкерлері Арыс стансасында сары фосфор тиелген контейнерлер өртенгеннен кейін ауа сынамасына жоспардан тыс сұрыптау жұмыстарын жүргізді.

Өрт шыққан Наурыз шағын ауданы қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде, шетінде орналасқан. Халқы 1700 адам, 340 үй. Қалқылмалы заттар, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртегі тотығы, күкіртті сутек, формальдегид және аммиак секілді ластаушы заттардың концентрациясы өлшенді.

Зерттеу алты жерде, соның ішінде мектеп, аурухана, аудан әкімдігі мен теміржол вокзалының жанында жүргізілді.

Ластаушы заттар рұқсат етілген шекті көлемнен аспағаны анықталды. Радиация деңгейі де қалыпты нормада.

Сары фосфор қаншалықты қауіпті

Сары фосфор жанған кезде фосфин токсинді газы түзілетіні мәлім, ол аса улы заттар қатарына жатады. Ең алдымен жүйке жүйесіне кері әсерін тигізіп, зат алмасу процесін бұзады. Сонымен қатар қан тамырлары, тыныс алу жолдары, бауыр мен бүйрекке де зиян. 10 мг/м³ концентрациямен ұзақ уақыт тыныс алу улануға, соңында өлімге әкеліп соғады.

Фосфор тиелген вагондар өртенді

Еске сала кетейік, кеше сағат 17.30 шамасында Арыс стансасында Жамбыл облысынан Ресейге жөнелтілген сары фосфор тиелген контейнерден өрт шықты.

Мамандар жанып жатқан вагонды өзгелерінен ағытып, қауіпсіз қашықтыққа әкетті. Контейнер сол жерде ашылып, өрт арнайы көбік көмегімен сөндірілді. 

Арыста сары фосфор өртенді: ҚТЖ төтенше жағдайдың алдын ала себебін атады

Улану қаупі бар аймақтан Наурыз шағын ауданының 1700 тұрғыны эвакуацияланды. Олардың 1050-і туыстарының үйіне жайғастырылды, 650 адам төрт мектепте ашылған уақытша эвакуациялау пунктіне орналастырылады.

Өртті сөндіруге және оның салдарын жоюға барлығы 291 адам жұмылдырылды. Өрт кеше кешкі сағат 19.22-де оқшауланып, 21.55-те сөндірілді. 

Полиция оқиға болған жерге блок пост орнатып, апат орнын оқшаулады. "ҚТЖ ҰК" АҚ оқиғаның шығу себебін анықтау үшін комиссия құрды. Алдын ала болжам бойынша жүкті жөнелтуші жүк тиеудің техникалық талаптарын бұзған.

Жаңалықтар
0