Оқиға

Арыста сары фосфор өртенді: ҚТЖ төтенше жағдайдың алдын ала себебін атады

© Photo : Акимат Туркестанской областиТушение вагонов
Тушение вагонов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2021
Жазылу
Ұлттық тасымалдаушы апаттың себебін тексеру үшін комиссия құрды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Арыс стансасында жүк вагонынан шыққан өрттің алдын ала себебін жариялады.

"Алдын ала нұсқа бойынша жөнелтуші жүк тиеудің техникалық шарттарын бұзған. "ҚТЖ" ҰК" АҚ апаттың себебін тексеру үшін комиссия құрды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Қазақстанның контейнері Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жөнелтілген, одан әрі Үндістанның Нава-Шева теңіз портына   жеткізілмек", - деп түсіндірді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Арыста не болды

ҚТЖ мәліметінше, Түркістан облысында өткел кезекшісі Түлкібас - Арыс учаскесіндегі контейнер өртеніп жатқанын байқаған. Бұл жағдай сағат 15:25-те болған.

 Ол көргенін рация арқылы пойыз машинисіне хабарлаған. Пойызды тексеру кезінде локомотив бригадасы контейнерден өрт шыққанын анықтады. Арыс стансасына өрт сөндіру машинасы мен өрт сөндіру пойызы шақырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұған дейін хабарлағандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 19:22 -де өрт оқшауланды.

Тұрғындар эвакуацияланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың айтуынша, ауданның және облыстың барлық төтенше жағдайлар күштері жұмылдырылды. Жақын маңдағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0