Өңірлер

Петропавлда төрт ай бұрын жоғалған қыздың денесі табылды

CC0 / pixabay.com / Силуэт девушки
Силуэт девушки - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
22 жастағы Елизавета Матюхина 3 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен. Полицейлер мен еріктілер қызды төрт ай бойы іздеді

ПЕТРОПАВЛ, 5 тамыз – Sputnik. Петропавлда төрт ай бұрын жоғалған 22 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской областиПолиция Елизавета Матюхинаға іздеу жариялады
Петропавлда төрт ай бұрын жоғалған қыздың денесі табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Полиция Елизавета Матюхинаға іздеу жариялады

1998 жылы туған Елизавета Матюхина Петропавл қаласындағы Уәлиханов көшесінде орналасқан үйден 3 сәуір күні түскі 12 шамасында шығып, жоғалып кеткен.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда төрт күн бұрын жоғалып кеткен екі бала аман-есен табылды 

Төрт ай бойы қызды полицейлер мен еріктілер іздеді. Жуықта жоғалған қыздың денесі табылды.

"1 тамыз күні шамамен сағат 18:50-де Петропавл полиция басқармасының "102" нөміріне Речпорт ауданындағы тазарту құрылыстарынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды", - деп ақпарат берді полиция басқармасы.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0