ПЕТРОПАВЛ, 5 тамыз – Sputnik. Петропавлда төрт ай бұрын жоғалған 22 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
1998 жылы туған Елизавета Матюхина Петропавл қаласындағы Уәлиханов көшесінде орналасқан үйден 3 сәуір күні түскі 12 шамасында шығып, жоғалып кеткен.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда төрт күн бұрын жоғалып кеткен екі бала аман-есен табылды
Төрт ай бойы қызды полицейлер мен еріктілер іздеді. Жуықта жоғалған қыздың денесі табылды.
"1 тамыз күні шамамен сағат 18:50-де Петропавл полиция басқармасының "102" нөміріне Речпорт ауданындағы тазарту құрылыстарынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды", - деп ақпарат берді полиция басқармасы.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.