Өңірлер

Түркістан полицейлері жас жігітке массаж жасаған әйелді қылмыс үстінде ұстады

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Массаж жасаушы әйел жас жігітке жала жауып, бопсалап, 500 000 теңге ақша талап еткен

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Қонақүйде ер адамды бопсалаған түркістандық әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, оған облыс орталығындағы қонақүйдің бірінде өзіне массаж жасаған әйел қоқан-лоққы көрсеткен. Ол әйел жас жігітке жала жауып, бопсалап, 500 000 теңге ақша талап еткен.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысының тұрғыны жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалаған 

Ақпарат алысымен тәжірибелі түркістандық полицейлер жедел әрекетке көшеді. Нәтижесінде келесі күні аталған қонақүйде массаж жасаушы әйел арызданушы жас жігіттен ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Оқиға орнынан айғақты зат ретінде 200 000 теңге алынды. Күдікке ілінген әйел жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған жайт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 194-бабы 1-бөлігімен (Қорқытып алу) тіркеуге алынған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары әйелдің басқа да істерге қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0