Өңірлер

Түркістан облысының тұрғыны жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалаған

© Sputnik / Табылды КадырбековДевочка сидит спиной, архивное фото
Девочка сидит спиной, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш ай ішінде жасөспірім қыз бопсалаушыға миллион теңге аударған. Ұсталған әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалап, одан ақша талап еткен. Оқиға туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Жасөспірім көпшілік алдында ұятқа қалудан қорқып, әйелге талап етілген барлық соманы берген. Осылайша, үш ай ішінде бопсалаушы жәбірленушіден миллион теңге алыпты. Алайда содан кейін қыз әкесіне бәрін айтып берген. 

Ер адам полицияға арызданды, күдікті 120 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте әріптесінен ақша бопсалаған полиция капитаны ұсталды - видео 

Күдікті төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол әшкерелейтін материалдарды қайдан тапқанын полиция жария етпеді. 

Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған жас келіншек Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шыққан. Айғақ зат ретінде одан ақша мен видео алынды.

Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтар
0