Өңірлер

Қостанай облысында үш адам сібір жарасын жұқтырды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуМал, архивтегі сурет
Мал, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Аурудың таралуына құрғақшылық себеп болуы мүмкін. Өрісте жайылған мал шөпті тамырымен жұлып жегенде топырақта қалған сібір жарасын жұқтыруы мүмкін деген болжам бар

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қостанай облысының Денисов ауданында сібір жарасы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Ірі шаруашылықтардың бірінде мал қырылды. Бұл туралы Қостанай облысы санитарлық-эпидемиолгиялық бақылау департаменті аса қауіпті  инфекциялар бөлімінің басшысы Людмила Налобина мәлімдеді.

Оның айтуынша, малдың қырылу себебін анықтау бойынша жұмыс жүргізу барысында осы шараларға қатысқан үш адам ауру жұқтырды. Қазір олар  облыс орталығының инфекциялық стационарында жатыр, деп жазады өңірлік "Алау" басылымы.

Бұл жағдайды тергеу барысында эпидемиологтар мен ветеринарлар ауруға сібір жарасының қоздырғышы себеп болғанын анықтады.

"Қазір ауру жұқтыру ошағында профилактикалық эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы шаралар өткізіліп жатыр. Індетке қатысы бар адамдар бактерияға қарсы профилактикалық ем қабылдауда, содан кейін оларға сібір жарасына қарсы вакцина егіледі. Инфекция көзі әзірге анықталған жоқ", - деп атап өтті Людмила Налобина.

Сондай-ақ ол көп жағдайда ескі сібір жарасы көмінділері инфекция көзі болатынын айтты. Ондай аумақта мал жаюға тыйым салынса да, жергілікті тұрғындар мұны елемейді.

Бірақ, оның айтуынша, мал қырылған шаруашылық аумағында мұндай көмінділер жоқ.

Тағы оқыңыз: Қазақстанға коронавирустан басқа қандай жұқпалы аурулар қауіп төндіруі мүмкін

"Сібір жарасына аптап ыстықтан болған құрғақшылық себеп болуы мүмкін. Өрісте жайылған мал шөпті тамырымен жұлып жеп, топырақтағы сібір жарасының спораларын жұқтыруы мүмкін", - деді Налобина.

Сібір жарасының инкубациялық кезеңі 14 күнді құрайды. Бастапқы белгілері – әлсіздік, дене қызуы, бас және бұлшықеттің ауыруы. Ауру көбінесе теріні зақымдайды.

Сібір жарасының өршуі терінің қызаруымен басталады. Содан кейін іші қанды сұйықтыққа толы көпіршік пайда болады. Кейін көпіршік жарылып, қара көмір түсті жараға айналады. Сібір жарасы көп жағдайда жеңіл өтеді.

Жаңалықтар
0