Қоғам

Қазақстанға коронавирустан басқа қандай жұқпалы аурулар қауіп төндіруі мүмкін

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Министр коронавирусты қоспағанда, жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай елде тұрақты екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстан аумағында оба, туляремия, геморрагиялық қызба, сібір жарасы және басқа зоонозды инфекциялардың табиғи ошақтары бар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр алдағы эпидемиялық маусымға байланысты өңір әкімдері халық арасында ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алу шараларын уақытылы жүзеге асыру қажет екенін айтты.

Цойдың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік өңірлері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен ауыру бойынша эндемикалық болып қала береді. Сондықтан да Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиялық маусымы қарсаңында әкімдер аурудың алдын-алу мәселесін мұқият пысықтауы қажет.

"Атап айтқанда, буферлік аймақтарды құру, мал мен мал шаруашылығы орын-жайларын, елді мекендердегі шаруа қожалықтарын, уақытша тұрақтар мен оның аумағын кенеге қарсы өңдеуі керек. Өткен жылдардағы тәжірибені ескеріп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел медициналық көмек және басқа да салалық мамандықтардағы медициналық қызметкерлердің дайындығын арттыру қажет", – деді ол үкімет отырысында.

Министр коронавирусты қоспағанда, жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай елде тұрақты екенін мәлімдеді.

Қазір 64 инфекция бойынша мониторинг жүргізіледі, өткен жылдың қорытындысына сүйенсек, 42 инфекциялық ауру бойынша ауыру деңгейі төмендеген.

Оқи отырыңыз: Малдан қауіпті ауру табылған: Қазақстанның батысында карантин енгізілді

Сонымен қатар, биыл оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтырма, туляремия, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, дифтерия, сіреспе, қызамық, қызылша, сібір жарасы және безгек ауруымен ауырған адамдар тіркелген жоқ.

Цой былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45 инфекциялық ауру бойынша ауыру көрсеткіші төмендегенін айтты.

Жаңалықтар
0