НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында полицейлер аударылған көліктен үш адамды құтқарып үлгерді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Желаев ауылына жақын жердегі жол бойында автокөлік аударылып, жол-көлік оқиғасы орын алды.
Патрульдік автомашинамен сол жерден өтіп бара жатқан Батыс Қазақстан облысында полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Арман Сарабалинов пен қызмет инспекторы Александр Калиничев көлік апаты болған жерге дереу барып, көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысын көліктен шығарып үлгерген.
Оқи отырыңыз: Қақ бөлінген: Степногор маңында жеңіл көлік автобуспен соқтығысты – видео
Екі секундтан кейін автокөлік жарылды.
"2021 жылдың 15 маусымында шамамен сағат 04.00-де қызмет барысында Чкалов көшесінің бойында LADA Kalina маркалы көлік аударылған. Сол жерде қызмет өткеріп жүрген патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, ондағы адамдарды шығарып үлгерген. Санаулы секунд ішінде көлік жарылып, өртеніп кеткен", – деді Батыс Қазақстан облысында полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Тәртіп сақшылары кез келген сәтте көлік жарылып, өздерінің де зардап шегуі мүмкін екеніне қарамастан, адамдардың өмірін сақтап қалды.