00:01 06 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2905 0 0

Сегіз адам түрлі дене жарақаттарын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым - Sputnik. Әлеуметтік желіде Степногор маңындағы жол апатының видеосы пайда болды. Audi жолаушылар автобусымен соқтығысып, нәтижесінде жеңіл көлік екіге бөлініп кетті.

Сегіз адам ауруханаға түсті, қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СТЕПНОГОРСК НЕ СПИТ (@step_notsleep)

Видеоны өтіп бара жатқан көліктердің біріндегі жолаушы түсірген болуы керек.

"Степногор - Бестөбе тас жолында жол апаты болды. Автобус Қарағандыдан келе жатқан, қарсы жолаққа өтіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан. Жедел жәрдем осында, жаралылар бар", - дейді видео авторы.

Видеода көліктің екіге бөлініп кеткені көрінеді.

"Тежегіш ізінен автобустың қарсы жолаққа шығып кеткенін байқауға болады", - деп атап өтті автор.

Ал полиция бөлімінің түсініктемесіне қарағанда, керісінше жеңіл көлік қарсы жолаққа шығып кеткен.

"14 маусымда Ақсу - Бестөбе – Изобильное тас жолының 37-ші шақырымында 1978 жылы туған Audi жүргізушісі Бестөбе ауылынан шыққан. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, Kaessbohrer Setra автобусымен соқтығысқан. Оны 1993 жылы туған азамат басқарған. Автобуста 25 жолаушы болған", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Желіде көлік капотына мінген ақтөбелік жасөспірімдердің видеосы тарады

Зардап шеккендер жоқ.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жол апаты фактісі бойынша материал кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберіледі, деп қорытындылады департаменттегілер.

Тақырып бойынша

Самосвал әйелдің аяғын жаншып өтті: Алматыдағы жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды
Алматыда екі троллейбус соқтығысты - фото
Ақылы жолдар мәселесі: көлік жүргізушілерінің наразылығы немен аяқталды
Павлодар облысында скутер мен көлік соқтығысты: 11 жасар бала ауруханаға жеткізілді
Жамбылдағы қанды оқиға: жарақаттанған кәсіпкер оқ атқандардан өшін алды  
Кілт сөздер:
жол апаты, Степногор
Загрузка...

Басты тақырып