Өңірлер

Желіде көлік капотына мінген ақтөбелік жасөспірімдердің видеосы тарады

© Sputnik / Айгюзель КадирВиды Актобе
Виды Актобе - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2021
Жазылу
Көліктің  алдына  отырып  видеоға  түспек болған жасөспірімдер келеңсіз жағдайға тап болды

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Ақтөбеде видеоға түсу үшін автокөліктің капотына отырып алған екі жасөспірімнің біреуі ауыр жарақат алып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Көліктің  алдына  отырып  видеоға  түспек болған жасөспірімдер келеңсіз жағдайға тап болды. Бірнеше жасөспірім өзен жағасына демалуға барады.

Сөйтіп, олардың бірі туысының "Жигулиін" рұқсатсыз мініп кеткен. Жас балалардың есіріп, шеттен шыққаны соншалық қайтар жолда екі бала жүріп келе жатқан көліктің алдыңғы капотына отырып, видеоға түспек болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар – фото

Осы кезде жасөспірімнің бірі көліктен құлап, ауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0