23:35 16 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR517.55
  • RUB5.94
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1239 0 0

Тараз қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны шағымданған

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Таразда ер адамды тонау сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны шағымданған. Ол түнгі сағат 02:50-де белгісіз адамның “Samsung galaxy” ұялы телефонын ашық түрде ұрлап, қашып кеткендігі туралы айтты.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ Тараз қаласының жедел бақылау орталығындағы бейнебақылау камералары операторларының жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде полиция қызметкерлері 39 жастағы жергілікті тұрғынды ізін суытпай ұстады.

Оқи отырыңыз: "Қорқады деп ойлаған": Алматыда жезөкшелерді тонаумен айналысқан екі адам ұсталды

Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады және ол жәбірленушімен танылды. Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Кілт сөздер:
Тараз, полиция, телефон, тонаушылық
Загрузка...

Басты тақырып