Оқиға

"Қорқады деп ойлаған": Алматыда жезөкшелерді тонаумен айналысқан екі адам ұсталды

© AFP 2024 / THOMAS WIRTHДевушка ночью на дороге, архивное фото
Девушка ночью на дороге, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2021
Жазылу
Олар өздерін клиент ретінде көрсетіп, мекенжайға келген соң әйелдерді соққыға жығып қорқытқан

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Алматыда жезөкшелерге қысым көрсеткен екі ер адам ұсталды. Олар үй жағдайында сексуалды сипаттағы қызмет көрсететін әйелдерді тонаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің түсіндіруінше, 33 жастағы екі ер адам бұған дейін қарақшылық және тонау қылмысы үшін сотты болған. Ер адамдар клиент ретінде хабарландыруда көрсетілген телефонға хабарласып, әйелдер үйіне келген соң оларды тонаған.

"Күдіктілер қыз-келіншектерді соққыға жығып, оларды қорқытқан және ақша, телефон, бағалы бұйымдарды қолды еткен. Қаскүнемдер жәбірленушілерді полицияға шағымдануға қорқады деп ойласа керек", – деді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.

Шабуыл жасады деп ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша қазіргі кезде екі ер адам қатысқан бес қылмыстық эпизод анықталып отыр. Сондай-ақ олардың синтетикалық есірткі қолданатыны белгілі болды.

Полиция ұсталған азаматтардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер болса, мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 254-47-01; 254-47-02 және 254-47-03.

Оқи отырыңыздар: Бойдақ жігіттерге қасақана ВИЧ жұқтырған жезөкше ұсталды

Айта кетейік, 2021 жылдың ақпанында Алматы полициясы караоке атын жамылып, интимдік қызмет көрсетіп келген нысанды анықтады. Бір қызығы, бұл жердің тұрақты клиенттері арнайы құпиясөздер қолданып келген.

Жаңалықтар
0