Әлем

Бойдақ жігіттерге қасақана ВИЧ жұқтырған жезөкше ұсталды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуЕр және әйел адам
Ер және әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәжікстанда ер азаматтарға ВИЧ инфекциясын жұқтырған жезөкшенің ісі сотқа жетті

АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Тәжікстанның Шаартуз ауданы прокуратурасы кемінде он шақты ер адамға ВИЧ инфекциясын жұқтырған жезөкше әйелдің ісін сотқа жіберген. 

ВИЧ дертіне сынақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны артты

Centralasian.org прокуратураға сілтеме жасап хабарлағандай, айыпталып отырған 30 жастағы әйелдің екі баласы бар. Күйеуімен ажырасқаннан кейін тәнін сатып, пайда тапқан. 2014 жылдан бері ВИЧ/СПИД-ке қарсы күрес орталығында есепте тұрады екен. Ол ВИЧ инфекциясын жұқтырғанына қарамастан, жыныстық қызмет көрсетуді жалғастыра берген. 

Тергеушілердің айтуынша, оның клиенттерінің арасында үйленбеген жас жігіттер және бірнеше отбасылы ер азаматтар бар. Олардың бәрі де Шаартуз ауданының тұрғыны.

Әйелмен кемінде 10 ер адам жыныстық байланыста болған. Бірақ олардың қаншасы ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны жарты жылдан кейін анықталады екен.

Оңтүстік Қазақстанда ВИЧ жұқтырған 135 балаға ауруы жайында хабарланды>> 

ВИЧ/СПИД-ке қарсы күрес орталығының меңгерушісі Акрам Давлатов айыпталып отырған әйелден індетті басқа адамдарға жұқтырмау жөнінде қолхат алынғанын айтады. 

"Біз есепте тұрған әр адамнан жазбаша түрде қолхат аламыз", — дейді ол. 

Қазіргі кезде бір Шаартуз ауданында ВИЧ жұқтырған 90 адам есепте тұрады екен.

Қостанайда жасөспірім қыз мерез дертіне шалдықты>> 

Жаңалықтар
0