Өңірлер

Қарағандыдағы әйелдер төбелесінен кейін бірнеше шенеунік жазаланды

CC0 / / Карусель
Карусель - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Жазылу
Қала әкімінің орынбасарлары Нұрлан Бикенов пен Халел Әкімжановқа, сондай-ақ мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды орталық саябағында карантиндік нормалардың өрескел бұзылуына байланысты бірқатар шенеунікті жазалауды тапсырды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Ресми мәліметке сәйкес, саябақ басшылығы, сондай-ақ қалалық әкімдіктің тәртіпке жауапты тұлғалары бұл күні азаматтардың бос уақытын қауіпсіз және санитарлық нормаларға сай өткізуге жағдай жасамаған.  

"Салдарынан 1 маусымда саябақта адамдар шамадан тыс көп шоғырланған. Осы жағдайға жол берген жауапты тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Қарағанды қаласы әкімінің екі орынбасары Нұрлан Бикенов, Халел Әкімжановқа, сондай-ақ мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланды.

Саябақ басшылығынан Мәдина Әшірова қызметінен босатылады.

Оқи отырыңыз: Қарағанды саябағында әйелдер тегін аттракцион үшін төбелесті – видео 

Естеріңізге сала кетейік, Балаларды қорғау күні демалыс саябағында көп адам жиналып, тұрғындар тегін аттракцион үшін төбелескен болатын. Бір күн бұрын әкімдік мерекеге орай 14 жасқа дейінгі балалар төрт аттракционға тегін кіре алатынын хабарлаған.

Жаңалықтар
0