17:59 23 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1103 0 0

Балаларды қорғау күні тегін аттракционға таласқан ата-аналар төбелесіп кетті

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қарағанды ​​тұрғындары Балаларды қорғау күні демалыс саябағындағы тегін аттракционның жанында төбелес шығарды.

Әйелдер кімнің баласы карусельде айналатынын "шешіп" жатқан сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Роликтен аттракционның жанына көп адам жиналғанын көруге болады.

Бір күн бұрын әкімдік 1 маусымда сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін 14 жасқа дейінгі балалар төрт аттракционда тегін сырғанай алатынын хабарлады. Бұл күні саябаққа көптеген адам жиналып, жанжал шықты.

Оқи отырыңыз: Орал тұрғыны дүкендегі әйелдердің төбелесін видеоға түсіріп алды 

Кейінірек қалалық әкімдік болған жағдайға түсініктеме берді.

"Орталық саябақта тұрғындардың карантиндік нормаларды сақтамауына байланысты "Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы" КМҚК басшылығы аумақта орналасқан аттракциондар мен бизнес нысандарының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Әкімдік сонымен қатар қала тұрғындарын бұл шараға түсіністікпен қарауға шақырды.

Загрузка...

Басты тақырып