Өңірлер

Нотариусқа өзі барған: Түркістан облысында келіншек қылмыс үстінде ұсталды

© Sputnik / Anar MustafayevҚолына кісен салынған келіншек, архивтегі сурет
Қолына кісен салынған келіншек, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Нәрестенің өкпесі қабынғандықтан, қазір ол ауруханаға жатқызылды. Денсаулығы оңалған соң сәби бөбектер үйіне орналастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Түркістан облысында 27 жастағы безбүйрек ана өз перзентін 7 миллион теңгеге сатпақ болды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Тіпті, баланы сатып алушы табылып, әйел құжатын заңдастыру үшін нотариусқа жүгінген. Мұны естіп, жағасын ұстаған нотариус жергілікті арна тілшілеріне хабар берген.

Ал журналистер бірден прокуратураға жеткізіп, көкек ананың арам пиғылын іске асырмақ болған сәтте ұсталды.

Мәлім болғандай, баланың әкесі кім екені белгісіз, ал келіншек есірткіге әуес болған. Оның бір жылдан бері сәбилі болғанынан ата-анасы да бейхабар. Өкпесі қабынған нәресте қазір ауруханада, денсаулығы оңалған соң ол бөбектер үйіне орналастырылады.

"Баласын сатпақ болған Е. есімді әйел ұсталды. Ол кісіге қазір Қылмыстық кодекстің 135-бабы, 2-бөлігі, 12-тармағымен сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде", – дейді қалалық прокуратураның прокуроры Ғалымжан Оңалбек.

Айта кетейік, әйелдің кінәсі дәлелденсе, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: 21 жастағы келіншек құрсағындағы сәбиін сатпақшы болды

Жаңалықтар
0