Өңірлер

Түркістан облысындағы жылыжайда өскен өнімдерден қауіпті вирус анықталды

© Photo : СС0 / kie-kerТоматы
Томаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Зертхана қызметкерлері бұл вирустардың адам ағзасына тигізер зияны әзірге дәлелденбегенін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында Сарыағаш пен Мақтарал ауданындағы жылыжайда өскен қызанақ пен бұрыштан қауіпті вирус анықталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Мамандардың айтуынша, жоғары патогенді және қоңыр қатпарлы вирус Европа мен Азия елдерінде жиі кездеседі. Ол өте агрессивті және жылдам таралады. Сондықтан жылыжай шаурашылықтары үшін өте қауіпті, дейді ауыл шаруашылығының жауапты өкілдері.

Бүгінгі таңда аймақта фитосанитарлық жағдай нашарлап кетпес үшін барлық өнім қайта өңдеу цехтарына өткізілді. Ал шығын көлемі әзірге белгісіз.

"Қазіргі кезде бұл жұмыс министрліктің жіті бақылауында. Сондай-ақ Сарыағаш ауданында вирусты анықтау бойынша ПТР жабдықтары орналастырылды. Оған қоса комитеттің ветеринариялық лабораториясы Шымкент қаласында орналасқан лабораториялармен бірлесіп вирустарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде", – дейді мемлекеттік инспекция комитетінің бас сарапшысы Темірлан Маратов.

Мамандар, бұл вирустардың адам ағзасына тигізер зияны әзірге дәлелденбегенін айтып отыр. Ал шетелден әкелінетін қызанақ өнімдері міндетті түрде тексеруден өтеді.

Оқи отырыңыз: Базардан сатып алынған "резеңке" қызанақ желі қолданушыларының ашуын туғызды

Айта кетейік, биыл Өзбекстан мен Иран және Түркіменстаннан жеткізілген қызанақтан 66 рет вирус анықталған. Сондықтан да заңға сәйкес оның бәрі кері қайтарылған.

Жаңалықтар
0