НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Қырғызстанда әлеуметтік желі қолданушылары "резеңке" қызанақтарды қызу талқылап жатыр.
Видеода әйел піспеген қызанақты базардан сатып алғанын айтады, деп жазады Sputnik Қырғызстан.
Sputnik Қырғызстан тілшілері еңбек өтілі мол агроном Авазбек Қасымовтан видеодағы жағдайды түсіндіріп беруін сұрады.
Тағы оқыңыз: Қытай иероглифі жазылған алма қазақстандықтарды шошытты - фото
Видеоны көрген маман көкөністің химиялық өңдеуден өткен болуы мүмкін екенін топшылады.
"Тауарды өткізу үшін 70-80 процент піскен қызанақтардың қабығын өңдеп жатады. Білуімше, мұндай заттар КСРО заманында да пайдаланылған. Видеодан қызанақтың жасыл, яғни мүлдем піспегені байқалып тұр. Қазіргі фермерлер мен сатушылар тезірек пайда табу үшін көкөністі өңдейтіні анық", - дейді агроном.
Қасымов химиялық заттарды дұрыс қолданбағаннан, көкөніс бүлініп, "резеңкеге" айналғанын атап өтті.