06:00 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1971 0 0

Зардап шеккен қыздың қабырғалары сынған, қазір ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Оралда жасөспірім қыз бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Төтенше жағдай 9 мамыр сағат 4.20-да "Құрылысшы" шағын ауданында болды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылғы қыз бесінші қабаттың терезесінен кіреберістің маңдайшасына құлаған.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын айтты. Сондай-ақ іші, кеуде тұсы зақымданған. Қабырғалары мен жіліншігі сынған.

Тағы оқыңыз: "Мұғалім қанды көрді": оқушы қыз мектептің ішінде атыс шығарды

Облыстық басқарманың баспасөз қызметі терезеден құлаған қыздың мас болғанын нақтылады. Қазір ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

Кілт сөздер:
оқушы қыз, Орал
Загрузка...

Басты тақырып