Өңірлер

Мас болған: Оралда жасөспірім қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

CC0 / pixabay.com / Қыз терезеден қарап тұр, архивтегі сурет
Қыз терезеден қарап тұр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2021
Жазылу
Зардап шеккен қыздың қабырғалары сынған, қазір ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Оралда жасөспірім қыз бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Төтенше жағдай 9 мамыр сағат 4.20-да "Құрылысшы" шағын ауданында болды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылғы қыз бесінші қабаттың терезесінен кіреберістің маңдайшасына құлаған.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын айтты. Сондай-ақ іші, кеуде тұсы зақымданған. Қабырғалары мен жіліншігі сынған.

Тағы оқыңыз: "Мұғалім қанды көрді": оқушы қыз мектептің ішінде атыс шығарды

Облыстық басқарманың баспасөз қызметі терезеден құлаған қыздың мас болғанын нақтылады. Қазір ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

Жаңалықтар
0