Өңірлер

Қазақстанның екі облысы "қызыл" аймаққа кірді

© Sputnik / Владислав ВодневВ столице Казахстана появились первые зарядные станции для электромобилей Tesla
В столице Казахстана появились первые зарядные станции для электромобилей Tesla - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
26 сәуірдегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір –  Sputnik. Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" және "сары" аймақтар жаңарды.

Қызылорда мен Павлодар облыстары "сары" аймақтан "қызылға" ауысса, Шымкент қаласы, керісінше, "қызылдан" "сарыға" көшті.

26 сәуірдегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан.

"Сары" аймаққа Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстары кірді.

"Жасыл" аймақ өзгеріссіз тұр: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Тағы оқыңыз: Алексей Цой отандық вакцинаны тікелей эфирде салдырды

Қазақстанда өткен тәулікте 2 716 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Осылайша республика бойынша ауырған адамдардың жалпы саны 309 116 адамға жетті.

Жаңалықтар
0