НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" және "сары" аймақтар жаңарды.
Қызылорда мен Павлодар облыстары "сары" аймақтан "қызылға" ауысса, Шымкент қаласы, керісінше, "қызылдан" "сарыға" көшті.
26 сәуірдегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан.
"Сары" аймаққа Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстары кірді.
"Жасыл" аймақ өзгеріссіз тұр: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Тағы оқыңыз: Алексей Цой отандық вакцинаны тікелей эфирде салдырды
Қазақстанда өткен тәулікте 2 716 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Осылайша республика бойынша ауырған адамдардың жалпы саны 309 116 адамға жетті.