Өңірлер

Министр Цой ауылда жүр

© Photo : СЦКАлексей Цой
Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Жазылу
Министр екпенің вируспен күресте маңызды екенін айтып, қауіпсіздік шараларын жіті сақтауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауылдардағы екпе жұмыстарының барысымен танысты.  

Цой алдымен Алматы облысының Талдыбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға ат басын бұрды. Онда 8,5 мыңнан астам ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Мұндағы халықтың жартысынан астамы екпе алуды жоспарлап қойған, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Оқи отырыңыз: Денсаулық министрі күзге қарай COVID-ке қатысты жағдай қалай өзгеретінін айтты 

Министр екпенің вируспен күресте маңызды екенін айтып, қауіпсіздік шараларын жіті сақтауға кеңес берді. Амбулатория қызметкерлерінен арнайы құрылған мобильді бригада, азаматтарға қоңырау шалып, вакциналау және қауіпсіздік шараларын түсіндіріп жатыр.

"Қазір бізде вакциналау қарқынды жүргізіліп жатыр. Кеше ғана 70 мыңға жуық адам егілді, жалпы жарты миллионнан астам азамат вакцина салдырды. Қазақстанның әрбір өңіріне вакцина келіп түсетін кестелер бар. Бұл вакциналар Еуропа, Азия елдерінде де қолданылады және тиімділігі жоғары", - деді Цой.

Министр азаматтардың екпеге қол жеткізуі өте маңызды және халық үшін тегін екенін айта кетті.

Жаңалықтар
0