22:30 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Жедел жәрдем қызметкерлері шағым айтты, мұнымен құқық қорғау органдары айналысады, деп атап өтті Сұлтанғазиева

АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Алматының жедел жәрдем қызметін прокуратура тексеріп жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева брифинг кезінде мәлімдеді.

"Осыдан біраз уақыт бұрын Жедел жәрдем қызметінде комиссиялық тексеру жүргізілді. Әрі қарай тергеу жүргізу үшін іс прокуратураға жіберілді. Жедел жәрдем қызметкерлері шағым айтты, мұнымен құқық қорғау органдары айналысады", - деп жауап берді Сұлтанғазиева.

Алайда басқарма өкілі тергеудің қандай бағыт бойынша жүргізіліп жатқанын нақтыламады.

"Қоғамдық денсаулық басқармасы комиссиялық тексеру жүргізді. Тексеру кезінде басқарма Жедел жәрдем қызметіндегі кей қызметкердің бірқатар заң бұзушылық жасағанын анықтады. Материал құқық қорғау органдарына берілді", - деді басқарма өкілі.

Загрузка...

Басты тақырып