Қоғам

Нұр-Сұлтанда лауазымды шенеунікке қатысты тергеу басталды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының құрал-жабдықтарды қымбат бағамен сатып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов елорда білім басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының құрал-жабдықтарды қымбат бағамен сатып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын растаймын. Осы мәселе бойынша тиісті сараптамалық қорытынды бар. Алайда тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ", - деді Бектенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.  

Айта кетейік, бұған дейін желіде астаналық білім басқармасының басшылығына қатысты ақпарат тараған болатын. Оған сәйкес, шенеунік  869 миллион теңге ысырап еткені үшін айыпталып отыр. Бұл ақша дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген еді. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде Қылмыстық кодекстің 189-бабы - "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша тергеу шараларының басталғаны туралы жазылды.

Әйелінің үстінен арыз жазған: жемқорлыққа қарсы агенттік түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі де желіде тараған ақпаратты растады. 

"Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Шоғанбай жұмыс орнында.  Иә, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелді", - делінген ресми ақпаратта.

Оған сәйкес, өткен айда қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аудиторлық тексеріс жасаған. Оның есебі бойынша компьютерлер мен ноутбуктардың бағасына қатысты заңбұзушылық, сондай-ақ, сыбайластық әрекет анықталмапты.

Жаңалықтар
0