20:56 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (789)
2524 0 0

Базарлар мен сауда ойын-сауық орталықтарының және басқа да нысандардың жұмыс кестесі туралы Sputnik материалынан оқыңыздар

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Алматы облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов өңірдегі карантин шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ ғимаратты 50 проценттен артық толтыруға немесе 30 адамнан көп жиналуға тыйым салынады.

"Бизнес-орталықтар мен екінші деңгейлі банктер, валюта айырбастау пункттері, ломбардтар жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді", – делінген қаулыда.

Республикалық деңгейге дейінгі барлық спорттық іс-шараларға тыйым салынған.

Супермаркеттер мен гипермаркеттер сағат 09.00-ден 22.00-ге қызмет көрсетуіне және көлемі 2 000 шаршы метрден аспайтын азық-түліктен басқа тауар сататын дүкендерге жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Сол сияқты азық-түліктен басқа да тауар сататын базарлардың жұмыс уақыты тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықты қамтиды.

Сауда ойын-сауық орталықтары ғимаратты 30 проценттен артық толтырмау қағидасын сақтай отырып, тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20-00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Монша мен сауна және СПА орындары сағат 08.00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?

Спорт кешендері мен фитнес-орталықтары тек жұмыс күндері ғана адамдарды қабылдай алады.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеден танысуға болады.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (789)

Тақырып бойынша

Алматыда карантин талаптарын жиі бұзатын мейрамханалар белгілі болды
Карантинге – 1 жыл: шектеу шаралары қашан аяқталады
Шымкентте карантин күшейтіледі: не өзгереді
Кейбір облыстарда жолдар жабылды – қай өңірде қозғалысқа шектеу енгізілді
Елордада мейрамхана мен дәмхана жұмысына шектеу енгізілді
Кілт сөздер:
шектеу, карантин
Загрузка...

Басты тақырып