НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Алматы облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов өңірдегі карантин шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжатқа сәйкес, қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ ғимаратты 50 проценттен артық толтыруға немесе 30 адамнан көп жиналуға тыйым салынады.
"Бизнес-орталықтар мен екінші деңгейлі банктер, валюта айырбастау пункттері, ломбардтар жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді", – делінген қаулыда.
Республикалық деңгейге дейінгі барлық спорттық іс-шараларға тыйым салынған.
Супермаркеттер мен гипермаркеттер сағат 09.00-ден 22.00-ге қызмет көрсетуіне және көлемі 2 000 шаршы метрден аспайтын азық-түліктен басқа тауар сататын дүкендерге жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Сол сияқты азық-түліктен басқа да тауар сататын базарлардың жұмыс уақыты тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықты қамтиды.
Сауда ойын-сауық орталықтары ғимаратты 30 проценттен артық толтырмау қағидасын сақтай отырып, тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20-00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Монша мен сауна және СПА орындары сағат 08.00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?
Спорт кешендері мен фитнес-орталықтары тек жұмыс күндері ғана адамдарды қабылдай алады.
Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеден танысуға болады.