12:05 28 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.01
  • EUR493.75
  • RUB6.05
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
10594 0 0

Әйелінің шағымынан соң сезімді сергелдеңге салған сері жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Оралдық азамат ажыраспақ болған әйелін бопсалаймын деп басы бәлеге қалды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, ол әйелімен ажырасқысы келмеген. Бұл қарсылығынан түк шықпаған соң, келіншегінің жалаңаш түскен видеоларын тума-туыстары мен барлық таныстарына таратамын деп қорқытқан.

Ал бұған көнбеген соң, әйелінің бейәдеп видеоларын жақындарына WhatsAPP желісі арқылы жіберіп үлгерген. Осылайша ол сүйген жарын ұялтып, отбасына кері қайтаруға тырысыпты.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда мұғалім жалаңаш отырып видео түсірді

Келіншек болса, бірден полицияға шағымданған. Сезімді сергелдеңге салған сері жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды енді сот шешпек.

"Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабы 1-бөлігі, яғни порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша күдіктіге 2 мың айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 2 917 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", – дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Садырғалиева.

Тақырып бойынша

Полиция Нұр-Сұлтанда тыр жалаңаш серуендеген тұрғынды ұстады – видео
Қазақстанның батысында жартылай жалаңаш қыздар көлік жуып жатыр - видео
Қарағандыда жалаңаш ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып кетті - видео
Оралда ер адам тыр жалаңаш серуендеді – видео
Желіде алматылық әйелдің вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болғаны туралы видео тарады
Кілт сөздер:
бопсалау, ерлі-зайыпты, БҚО
Загрузка...

Басты тақырып