06:56 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2281603

Аудандық білім бөлімі мұғалімнің бұл видеосын алғаш рет көріп отырғанын айтып, жағдайды реттеуге уәде берді

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында ата-аналар TikTok-та әдепсіз видео түсірген мұғалімнің үстінен шағымданды. Бұл туралы "Мой Город" басылымы хабарлады.

Январцев орта мектебінде баласы оқитын ата-аналардың айтуынша,  меңгеруші қызметін қатар атқаратын ағылшын тілі пәні мұғалімі TikTok-та арнайы эффекттер мен бейәдеп сөздерді қолданып видео түсірген. Сол видеоны желіде жариялаған. Ал мектеп оқушылары әлеуметтік желіні белсенді қолданады. Олар ұстазының парақшасына тіркелген және оның видеосын қарайды, дейді оқушылардың бірінің анасы.

"Менің қызым телефонды қолынан тастамайды. Қазір TikTok пайда болды, сол жақта бәрі видео жариялайды. Мұғалімі TikTok-қа әдепсіз видеолар жариялайды. Ол видеода боғауыз сөздер де бар, мұғалім кеудесін жалаңаштап тастаған. Шәкірттері оны көреді", - дейді ол.

Әйел ұстаз балаларға үлгі болуы қажет деп санайды. Сондай-ақ, мұғалімдердің мұндай видео жариялауына қарсы.

"Оқушылардың ата-анасы бұл туралы мектеп әкімшілігіне айтты, бірақ ешқандай жауап болған жоқ", - дейді әйел.

Ал Бәйтерек аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин видеоны енді көріп отырғанын мәлімдеді. Ол жағдайды реттеуге уәде берді.

Оқи отырыңыз: Қостанайлық мұғалім жылап тұрып видео жариялады - министрлік жауабы 

"Мектепке барып, жағдайды реттеймін. Мектеп директорымен сөйлестім, ол ата-аналардың бұл мәселе жайында айтпағанын жеткізді. Қандай жағдай болмасын, мұғалім мұндай видео жарияламауы керек. Жалпы мұғалімдер балаларға үлгі болып, әлеуметтік желіге жүктейтін материалдарын бақылап отыруы тиіс", - деп түсіндірді Сафиуллин.

Ал мұғалімнің өзі бұл видеоны жариялағанына өкінеді.

"Мұның қате болғанын түсінемін және өкінемін. Парақшамды өшіремін. Оқушылар мен әріптестерімнен осы видеоны жүктегенім үшін кешірім сұраймын", - деді мұғалім.

Қазір мұғалім әлеуметтік желідегі парақшасын өшірді, видео да жойылды.

Тақырып бойынша

Қазақстанда мұғалімдер үшін ұлттық біліктілік тесті басталды
Кезекші сынып мұғалімдерінің жалақысы артады – қосымша қаржы қайдан алынады
Ақтөбеде онлайн сабақта күтпеген жағдай болды: мұғалімнің басы дауға қалды
Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді
Алматы облысында екі мұғалім оқушы қыздарды зорлады деп айыпталып жатыр
Кілт сөздер:
видео, мұғалім
Загрузка...

Басты тақырып